Меню KDT
Астана қаласы Білім басқармасының "№59 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі

Андатпа

  • МЕКТЕП ТУРАЛЫ

    Шаяхметова Зере Нурбекқызы, 7 «В» сынып
    «Жас ұлан» әлемінде(эссе)

         Біз Қазақстан деп аталатын кең-байтақ көпэтносты мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазір Қазақстан Республикасы күн санап дамып келе жатыр. Біз өте бақытты өмір сүріп жатырмыз. Бірақ алдымызда одан биік мақсат бар. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, ҚР дамыған 30 елдің қатарына кіруі керек.Ол үшін біздің буынның патриоттық сезімін ояту керек. Өйткені, Қазақстан Республикасының болашағы біздің қолымызда. Қазақстанның тұрғындары өте мәдениетті, білімді адамдар болуы керек. Балалар өз мектептерінде толықтай білім алып, әртүрлі іс-шараларға қатысып, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуы керек. Қазірден бастап, Қазақстан Республикасының азаматтарының қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жақсы сөйлеуіне жағдай жасау қажет.
        Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз елінің тарихын біліп, сыйлауы, ана тілінде сөйлеп, оны құрметтеуі, орыс және ағылшын тілдерінде де еркін сөйлей алуы, көптеген іс-шараларға қатысып, өз елінің дамуына үлес қосуы керек.
        Мектеп оқушыларының арасындағы «Жас Ұлан» ұйымы жақсы оқитын, патриот, белсенді оқушыларды қабылдап, Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосу үшін құрылған. «Жас Ұлан» ұйымының құрылуы жақсы нәтиже берді. Көптеген мектеп оқушылары «Жас Ұлан» қатарына қабылдану үшін жақсы оқып, белсенді болуға тырысады. Мыңдаған оқушылар бұл ұйымға қабылданды. Бұл ұйымға кіру үшін оқушы өте жақсы оқуы, әртүрлі іс-шараларға қатысып, жүлделі орындар алып жүруі, өз ана тілін жақсы біліп, құрметтеуі, өз елінің тарихын жақсы білуі қажет.
        Бірақ, жақсы оқитын, белсенді оқушылардың барлығы патриот па?!
        Ең бастысы жақсы оқып, белсенді болу емес, сенің патриоттық сезімің сені Отанның дамуына үлес қосуға итермелеуі. Шындығында, патриот болу қиын емес. Егер сен Отаныңды сүйіп, өз ісіңді адал орындап, табиғатты аяласан, осының өзі патриоттыққа жатады.

    ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    Аманбек Ұлбике Даулетқызы, 7 «Ә» сынып

     Тәуелсіздік ел арманы

    Сен деп қана ақындарым жырлады.

    Қан төгісті елім деп,

    Сен деп қана батырларым, жер құшты.

    Жаннан да қымбат болды ар.

    Арын сақтап, жерін қорғап,

    Бермеді олар еш ұлтқа.

    Саған шығу қиын болды қаншама,

    Тәуелсіз ел деп атаған, қандай майдай жағады,

    Тәуелсіздік мемлекет деп, таныса барша әлем!

    Барша әлем қонақжай, өнерлі деп таныған ұлтпыз,

    Елбасы амандығы болса әлі,

    Жетерміз, бағындырып талай шыңды.

    Бақытыма жол ашатын сен едің.

    Өмір бойы сен жайлы жыр жазып өтем,

    Өне бойы сен жайлы ой ойлап өтем!

     


    Т
    УҒАН ТІЛІМ
    ТУҒАН ТІЛІМ МЕН АРДАЙЫМ СЕНІ МАҚТАЙМЫН,
    САҒАН ТЕҢ ТІЛДІ ІЗДЕСЕМ ДЕ ТАППАЙМЫН,
    ҚҰДІРЕТІҢ КҮШТІ, АДАМ БІЛМЕС СЫРЫҢ БАР,

    СЕРТ ЕТЕМ ҰМЫТПАУҒА ӘРДАЙЫМ!

     

    ТУҒАН ЕЛДІҢ ТАРИХЫН

    БІЛМЕЙТІН АДАМ ЖОҚ ШЫҒАР,

    ҚАЗАҚ ӨЗ ТІЛІН БІЛМЕСЕ

    НЕ ДЕЙДІ ОНДА БАСҚАЛАР?

    <hr class="system-pagebreak"  />

    БАСҚА ҰЛТТАР БІЗІДІҢ ТІЛДІ БІЛГЕНДЕ,

    НАМЫС ОЙНАП КАНЫҢ ҚАЙНАП КЕТПЕЙ МЕ,

    ТІЛІН, ДІНІН, ЕЛІН МӘНГІ ҰМЫТСА,

    ӨЗ ІШІМНЕН ЖЕК КӨРЕМІН МЕН КЕЙДЕ!

                  АВТОРЫ:   ҚАРАТАЕВА ГҮЛЗАТ.

     

    ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    ТУҒАН ЖЕРІМ БЕКАРЫСТАН БИГЕ!

    СЕН ДЕГЕНДЕ ЖҮРЕГІМ АТТАЙ ТУЛАҒАН,

    ТАЛАЙ АҚЫН СЕН ДЕП ЖЫРЫН ЖЫРЛАҒАН,

    СЕНЕН ШЫҚТЫ ТАНЫМАЛДАР МЫҢДАҒАН,

    САҒАН ДЕГЕН ӨЛЕҢДЕРІН ТЫҢДАҒАМ.

     

    ТУҒАН ЕЛІМ, ТУҒАН ЖЕРІМ БЕКАРСТАН,

    САҒЫНАМЫН СЕНІ ДАҒЫ АЛЫСТАН,

    АТАМ, КӨКЕМ, АҒАМ БӘРІ СОНДА ЖҮР,

    ДОСТАРЫМ БАР БІР-БІРІМЕН ЖАРЫСҚАН.

     

    ТУҒАН ЖЕР ДЕГЕН КЕРЕМЕТ ҚОЙ, КЕРЕМЕТ

    КӨЗ ҚЫРЫҢДЫ САЛШЫ ҚАНЕ БІР МЕЗЕТ,

    БАЛА КЕЗДЕ КҮНДЕ ОЙНАЙТЫН ОСЫ ЖЕР,

    КЕЛЕМІЗ ҒОЙ МҰНДА ЕНДІ ЖИІ ТЕК!

                                                              АВТОРЫ: АРУЖАН ТАЛҒАТҚЫЗЫ

    ЖҰЛДЫЗЫМ

    ЖАНЫМ МЕНІҢ, ЖУЛДЫЗЫМ,

    ҒАШЫҒЫМ ДА ЖАЛҒЫЗЫМ,

    БІР ӨЗІҢСІЗ МЕН ҮШІН –

    БАҒА ЖЕТПЕС ЖҰЛДЫЗЫМ!

     

    СЫМБАТЫҢА КӨЗ ӨТПЕСІН,

    АЙТУҒА ДА СӨЗ ЖЕТПЕСІН,

    КҮН-ТҮНІ ТЕК ТІЛЕРІМ,

    ЕШ ЖАМАНДЫҚ КЕЗІКПЕСІН!

     

    КҮНІ БОЙЫ СЕНІ ОЙЛАЙМЫН,

    ҚИЯЛМЕН САҒАН БАЙЛАЙМЫН,

    ӘРҚАШАН ҚАСЫҢДА БОЛЫП,

    ҚОРҒАНЫШЫҢ МЕН БОЛАЙЫН!

                                                             АВТОРЫ: АРУЖАН ТАЛҒАТҚЫЗЫ

     ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    ЖҰЛДЫЗЫМ

    ЖАНЫМ МЕНІҢ, ЖУЛДЫЗЫМ,

    ҒАШЫҒЫМ ДА ЖАЛҒЫЗЫМ,

    БІР ӨЗІҢСІЗ МЕН ҮШІН –

    БАҒА ЖЕТПЕС ЖҰЛДЫЗЫМ!

     

    СЫМБАТЫҢА КӨЗ ӨТПЕСІН,

    АЙТУҒА ДА СӨЗ ЖЕТПЕСІН,

    КҮН-ТҮНІ ТЕК ТІЛЕРІМ,

    ЕШ ЖАМАНДЫҚ КЕЗІКПЕСІН!

     

    КҮНІ БОЙЫ СЕНІ ОЙЛАЙМЫН,

    ҚИЯЛМЕН САҒАН БАЙЛАЙМЫН,

    ӘРҚАШАН ҚАСЫҢДА БОЛЫП,

    ҚОРҒАНЫШЫҢ МЕН БОЛАЙЫН!

                                                             АВТОРЫ: АРУЖАН ТАЛҒАТҚЫЗЫ

    ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

     ЖАН ДОСЫМ АРУЖАНҒА!!!

    КӨҢІЛІМЕ ШАТТЫҚ СЫЙЛАЙТЫН,

    СЫРЫН БҮГІП ҚАЛМАЙТЫН,

    БІР АДАМ БАР ӨМІРДЕ,

    ЖАН ДОСЫМ, АДАЛ, КИМАЙТЫН.

    ОНЫҢ АТЫ – АРУЖАН,

    МАХАББАТ, ДОСТЫҚ ДЕГЕНГЕ

    ЖҮРЕГІ ПӘК, АСЫЛ ЖАН.

    ТУҒАН КҮНІҢ ЖАН ДОСЫМ

    ҚҰТТЫ БОЛСЫН МЕРЕКЕҢ!

    АУЫРМАШЫ ЕШКАШАН,

    АРТА БЕРСІН БЕРЕКЕҢ!
                                         АВТОРЫ: АРУЖАН ТАЛҒАТҚЫЗЫ

    ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    МАХАББАТ

     

    ЯПЫР - АЙ, МЫНА МАХАББАТ

    ЖҮРЕГІМДІ ӨРТЕДІ,

    БАСҚА ҚЫЗБЕН КӨРГЕНДЕ,

    ЖҮРЕГІМ ТАРС – ТҰРС ЕТЕДІ.

     

    ТОЙМАЙМЫН ҚАРА КӨЗІҢЕ,

    ТОЯ АЛМАЙМЫН, ҚАРАЙМЫН,

    СӘНІ БАСҚА БІР ҚЫЗҒА

    КИЯ АЛАРМЫН ҚАЛАЙ МЕН?

     

    КҮНІНЕ БІР РЕТ КӨРМЕСЕМ,

    ЖҮРЕК ТУЛАЙДЫ, ШЫДАМАЙ,

    СЕЗІМІМДІ АЙТА АЛМАЙ

    ЖҮРЕМІН БЕ ОСЫЛАЙ?

     

    ШҮКІР ДЕЙМІН БҰҒАН ДА,

    ТӘУБЕ ЕТЕМІН МЫҢ МӘРТЕ,

    ҒАШЫҒЫН КӨРМЕЙ ЖҮРГЕНДЕР,

    ЖЕТЕДІ ҒОЙ МЕКТЕПТЕ.

                                                АВТОРЫ: АРУЖАН ТАЛҒАТҚЫЗЫ

     

    Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    БІЛМЕДІМ, ЖАНЫМ, БІЛМЕДІМ!

     МАХАББАТ ДЕГЕН НЕМЕНЕ?

    ТҮСІНБЕДІМ МЕН ӘЛІ,

    БІР СЕЗІМ ТУЛАП КЕУДЕМДЕ,

    ЖАРЫЛАРДАЙ БОП ТҰРАДЫ.

     

    ТҮСІНБЕДІМ СЫРЫН МЕН

    МАХАББАТ ДЕГЕН СЕЗІМНІҢ,

    ҚҰЛШЫНАСЫҢ КӨРУГЕ

    ТАҒАТЫН ТАУЫСЫП ТӨЗІМНІҢ.

     

    ҒАШЫҚПЫН КІМГЕ? КІМДІ ҰНАТАМ?

    ОНЫ ДА ТАҒЫ БІЛМЕДІМ,

    КӨРГЕНДЕ ЕКЕУІҢДІ ДЕ

    ТЫПЫРШЫП ТУЛАЙДЫ ЖУРЕГІМ.

     

    СҮЙЕМІН СЕНІ, СҮЙЕМІН,

    НЕМЕСЕ ОНЫ СҮЙЕМІН,

    ОНЫ ДА ТАҒЫ АЯУЛЫМ,

    БІЛМЕДІМ, ЖАНЫМ, БІЛМЕДІМ.

                                                   АВТОРЫ: АРУЖАН ТАЛҒАТҚЫЗЫ

    Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    АНАМ МЕНІҢ - АРДЫҒЫМ,

    ӘКЕМ МЕНІҢ - ҚОРҒАНЫМ!

     

    АНАМ МЕНІҢ – ҚҰРМЕТТЕГЕН АРДАҒЫМ,

    АНАШЫМДЫ СЫЙЛАП ӨТУ АРМАНЫМ,

    ӘКЕМ МЕНІҢ – БӘЙТЕРЕКТЕЙ ҚОРҒАУШЫМ,

    ҚАНДАЙ ЖОЛДЫ ТАҢДАСАМДА ҚОЛДАУШЫМ!

     

    АНАМ МЕНІ ТӘРБИЕЛЕП ӨСІРГЕН,

    БҰРЫС ҚЫЛЫҚ ЖАСАСАМДА КЕШІРГЕН,

    ӘКЕМ МЕНІҢ – ӨМІРДЕГІ ҰСТАЗЫМ,

    ӘКЕМ МЕНІҢ – КӨНІЛДЕГІ ҰСТАЗЫМ!

     

    ӘКЕ – ШЕШЕМ БОЛДЫ МАҒАН ПАНА ДА,

    АТА – АНАМ БОЛДЫ МАҒАН САНА ДА,

    КӨП АДАМДАР КӨРЕ АЛМАҒАН БАҚЫТ БАР,

    МӘПЕЛЕГЕН ӘКЕ МЕНЕН АНАДА.

     

                                                               АВТОРЫ: ЗЕРЕ ШАЯХМЕТОВА

    Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    ҒАШЫҚТЫҚ

     

    ҒАШЫҚТЫҚ НЕ ЕКЕНІН АҢҒАРМАДЫМ,

    БІЛМЕППІН МЕН БАЛАЛЫҚТЫҢ ЖОҒАЛАРЫН,

    ШЫНЫНДА ДА БІР ӨЗІҢЕ ҒАШЫҚ БОЛЫП,

    ЖҮРЕГІМДІ ЖҰЛҒАНДАЙ БОП ЖАРАЛАНДЫ.

     

    ҒАШЫҚ СЕЗІМ ЖАУЛАДЫҢ ЖҮРЕГІМДІ,

    БҰЛ ДЕРТПЕН ҚАШАҢҒА ЖҮРЕМ ЕНДІ,

    БІЛМЕЙМІН МЕН НЕГЕ БҰЛАЙ ҒАШЫҚ БОЛДЫМ,

    ҰМЫТПАЙМЫН СЕНІҢ МӨЛДІР КӨЗДЕРІҢДІ!

     

    БІЛМЕЙМІН МЕН ТҮП ОЙЫҢДА НЕ БАР ЕКЕН,

    ШЫН СҮЙГЕНІҢ БАР ШЫҒАР ҚАЛАУЫҢМЕН,

    ҚОС АҚҚУДЫҢ АРАСЫНА КЕДЕРГІ БОП,

    ҒАШЫҚ БОП ЖҮРГЕНІМ БЕКЕР МЕ ЕКЕН?

     

    КИНАСАМ ЕГЕР СЕНІ КЕШІР МЕНІ,

    САҒАН ДЕГЕН БАР СЕЗІМІМ ТАЗА ЕДІ,

    ЕГЕР СЕНІ РЕНЖІТІП АЛҒАН БОЛСАМ,

    СҮЙІКТІМ КЕШІР МЕНІ, КЕШІР МЕНІ!

                                                                 АВТОРЫ: ҰЛАН ЖАПАРОВ

     

    Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

                            ТІЛ

     ҚАЗАҚ ТІЛІМ АНА ТІЛІМ ҚАДІРЛІ

    ЕСТІГЕНДЕ СЕЗІМ ҚАНДАЙ ЖАҒЫМДЫ,

    АЛФАВИТТІҢ ҚЫРЫҚ ЕКІ ӘРІПІ

    ӘРБІР СЕНІҢ СӨЗДЕРІҢЕ БАҒЫНДЫ.

     

    ҚАЗАҚ ТІЛІ ТІЛДЕРДІҢ БІР ДАНАСЫ,

    ЖАҚЫН ТҰРАР ТІЛМЕН СӨЗДІҢ АРАСЫ,

    ОСЫ ТІЛДЕН ТҮРЛІ ӨНЕР БІЛІМДІ,

    АЛЫП ЖАТЫР ҚАЗАҒЫМНЫҢ БАЛАСЫ.

     

    ҚАЗАҚ ТІЛІҢ МАҚТАЙ БОЛСАМ АСЫРА,

    МАҚТАУЫНА ӨЗ ЖЕТПЕЙДІ ҒАЛАМДА,

    ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕШ  ҚАМАЛДАН ДА СҮРІНБЕЙ,

    ӨТЕ БЕРСІН ҒАСЫРЛАРДАН ҒАСЫРҒА!

                                                                АВТОРЫ: ҰЛАН ЖАПАРОВ

    Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

    ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
      

    *************************************************************************************************************

    №59 МЛ 7 «А»сынып оқушысы Байгожина Амина
    Эссе
                                Қазақстанның туын әлем биіктеріне жеткіземіз
                                             
                                                             Біз-алыс сапарға бел буып,
                                                             Кемемізді тәуекел дариясына түсірген елміз,
                                                             Елес үмітті емес, ерлік пен елдік мұратын                                                                                  
                                                             Кемеміздің тұғырына ту етіп байлаған елміз
    Н.Ә.Назарбаев
        
           Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзінде өзіне лайықты орнын алып отыр. Тәуелсіз ел болып қалыптасуымызға 25 жыл толды. Қазақстан – бүгінгі күнде Еуразияның жүрегінде орналасқан, бейбіт, әрі тату-тәтті өмір сүріп жатқан көп ұлтты мәдениетті мемлекет. Аз уақыттың ішінде еліміз алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылды. Қазақстан – татулықты, бірлікті алға тартқан мемлекеттердің бірі.
         Дүниежүзіндегі Қазақстанның маңызы зор. Елбасымызбен бірге дамудың жаңа сатысына көтеріліп, талай биік белестерді бағындырып келеміз. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты саясаттың нәтижесі деп ойлаймын. Өйткені елімізді бейбіт, әрі бірлігі бар мемлекетке айналдыру оңай шаруа емес. Сонымен қоса, елбасының ең басты жетістігі деп Астананы елордасы етіп, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасына айналдыруы деп ойлаймын. 
           Елбасымыз айтқандай: «Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді. Бұл – бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген қонақжайлы халықтың пейілінің қайтарымы» - депті. Осындай бейбіт елде өмір сүріп отырған біз қандай бақытты жандармыз. Менің ойымша, біз, болашақ ұрпақ, келешекте ата-бабаларымыздың атқарып отырған міндеттерді орындаймыз деген ойдамын. Бұл – біздің парызымыз! Болашақ ұрпақта, міндетті түрде патриотизм, еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдері болуы тиіс. Тәуелсіздігімізді қаншалықты қиын жолмен алғандығымен, ендігі жолы соншалықты қажыр-қайратты елімізді сақтап қалу үшін жұмсауымыз керек. Еліме тілейтінім «қазақ» аты мәңгі өшпесін, Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін. Жаңа биіктерден көрінейік, аңсаған жетістіктерге қол жеткізейік. Мен қазақстандықпын және мұны зор мақтанышпен айтамын. Болашақта оның дамуына зор үлесімді қосамын. Қазақстанның туын әлем биіктеріне жеткіземіз деп кәміл сенемін!

    **************************************************************************************************************************************************************************

    №59 МЛ 7 «В»сынып оқушысы Манарбекұлы Арыстан 

    Тәуелсіз елім - Қазақстан

    Біздің ел керемет қой, ғажапстан,

    Біздің өлке еркін ғой, азатстан.

    Мына менің ең үлкен жанұям бар

    Ол-дағы Тәуелсіз елім - Қазақстан.

     

    Үш бірдей отбасым бар мына менде,

    Ақындық дарыныңды сына сен де.

    Өмірімнің соңынша жырлап өтер,

    Не жетеді Қазақстан деген ғажап елге.

     

    Теңер ем қыран құсқа самғап ұшқан,

    Өзге ел таңдайқағып таң қалысқан.

    Елдегі сенімменен сенімді ұштап,

    Қазағым күткендей нұр, таңды алыстан.

     

    Қазағым, самайыңның желі ескендей,

    Өзге ұлтпен терезең теңескендей.

    Еңбегі Елбасымның деп білемін,

    Әрдайым келе жатқан жеңіске өрлей.  

     

    Шертемін бақытымның бал бұлағын,

    Құдай берген дарынымды жандырамын.

    Бейбіт өмір сыйлаған бермей намысты қолдан,

    Ұрпағымын текті елдің дарынды ғып туған.

    ********************************************************

    №59 МЛ 7 «А»сынып оқушысы Жолдыбай Аслан

    Эссе

    Тәуелсіздік –ел бақыты.

     Ұлт бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ерекше қайрат көрсеткен арыстарымыз Мағжан Жұмабаевтың"Оқжетпестің қиясында"өлеңінің, Мұxтар Әуезовтің "Хан Кене" трагедиясының, С.Сейфуллиннің Көкшетау поэмасындағы  "Кенесары үңгірі"өлеңінің, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер»трилологиясының кейіпкері – Кенесары бабамыздың бейнесі арқылы халқымыздың  ежелден азаттыққа ұмтылып, ұлттық тәуелсіздік үшін ерлікпен күрескен  қазақ  халқының жүзеге асқан арманы тұрғысынан қарауға мүмкіндік аламыз. Кенесары елінің астанасының қақ ортасынан орын теуіп, еркелей аққан Есілге көрік беріп, болашақ ұрпағын ерлікке шақырып тұратынын білді ме екен?! Үш биге орнатылған монументті көргенде егемендік алу ісіне біздің бабаларымыз –Төле би, Әйтеке би,Қазыбек би сынды даналар қаншалықты зор үлес қосқанын ерекше түйсініп, пайымдайсыз...  Өз отанын шексіз сүйген, оның болашағына сенген, осынау көкейкесті мұратқа жету үшін аянбай күш- қайрат жұмсаған ерлер Астана төрінде мәңгілікке орын алып, ұрпағын патриоттыққа шақырып тұрғандай...        

    ...Зәулім ғимараттар, Есіл өзенінің жан- жағын айнала қоршаған әсем нысандар "Бәйтеректің" әлемге құлаш жайған асқақ ажары да  ұлттық ұғымға байланысты шаралар да, барлығы да Президенттен тарап отыр.

    Жаңа Қазақстанды айдай әлемге паш еткен, ең бірінші, Елбасының ерен еңбегі болса, екіншіден, сәні мен салтанатын жарастырған елорда – Астана екендігі даусыз. Астананың көркін жаңа сәулеттік ғимараттар ашып тұр, олар қаланың ажарын танымайтындай етіп өзгертті, және әлі де өзгертіп келеді.

    Кезінде Алаштың ардақты азаматы Мұстафа Шоқай: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халықтың қажеті мен мұң-мұқтажын жоқтайтын азамат шықпайды, -деген еді. Спорт кешендері, опера-балет театрлары,сарайлар, демалыс орындары – барлығы да халық үшін қызмет етіп, жастар болашағын толықтай қамтамасыз етуде. Елімізді дүние жүзіне танытып жүрген спортшыларымызды, өнер қайраткерлерімізді Елбасымыздың қолдауы


    №59 МЛ 7 «В»сынып оқушысы Машенкеев Данияр

    ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫН НЫҒАЙТУҒА ҮЛЕС ҚОСҚЫМ КЕЛЕДІ

     (эссе) 

       Шындығында біз өте бақытты ұрпақпыз, өйткені біздің ұлы отанымыз, тәуелсіз еліміз бар. Әр қазақ баласы үшін бұдан асқан бақыт, бұдан асқан асыл құндылық бар ма? Әрине жоқ. Олай болса, осы бір баға жетпес тәуелсіздікті ардақтау күллі қазақтың соның ішінде біз жас ұрпақтардың қасиетті борышы.
       Мен үлгілі елдің ұрпағымын. Менің отанымның тарихы ұзақ, мәдениеті шұғылалы. Еуразияны уысына алған Түрік қағаны Күлтегін, адамзаттың екінші ғұламасы Әл-Фараби, Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек, Қабанбай, Бөгенбайлардай батырлар, елі үшін еңіреген Асанқайғы, ғалым Шоқан, Ұлы Абай, Қазақтың алып балуаны Қажымұқан, біз мәңгі мақтаныш ететін ұлы тұлғалар. Осы ұлы тұлғалардан біздің рухымыз шабыт алады, жүрегіміз қуат алады.Біз үшін өткенді тарихты білу аса білімділік болып табылады. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев :“Тарихты жеңіл желпі аңыз сөздердің жиынтығы деп қарайтын адамдар шынында тарихтан тағылым ала алмайды”, - деген болатын. Біз тарихтан тағылым аламыз, ол борышымыз деп білем. Осындай кереметтердің аясында біздің ұлт пен Отанның болашағына деген сеніміміз кәміл. Отанымыз Қазақстан тәуелсіздік алғалы күн санап жаңарып, дамып, гүлденіп-көркейіп келеді. Оның үстіне халықарадағы беделі де жоғары. Бұл да біздің мақтанышымыз.
       Отанның тәуелсіздігі мәңгі болуы үшін мен оны шын жүрегімен жақсы көрем, Отан үшін адалдықпен еңбек етем және бойымдағы ізгі қасиеттердің бәрін Отанға арнаймын, Отанның гүлденіп, көркейіп, құдіреттене түсуі үшін бар ынта пейіліммен қызмет жасауды даңқ, ал Отанның мүддесі мен абырой атағына кір келтіруді намыс санаймын. Сол үшін Отанның тәуелсіздігі мен тұтастығын жан-тәніммен қорғауға әр қашан дайын болам. Осы бір асыл қасиетті бойымда ұстай алсам ғана Тәуелсіз Қазақстанның нағыз азаматы бола аламын. 

       Отанды сүю, Отанды қорғау, Отанның даңқын асырып, көркейту жер бетіндегі Алаш ұрпақтарының борышы. Тәуелсіздік алғалы бері Отанымыз Қазақстан көптеген жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Еліміз алға ілгерлеуде, мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Экономиканың қарқынмен дамуы, Сарыарқа төрінде осы заман үлгісіндегі Астана қаласының тұрғызылуы, біздің әлем бойынша «EXPO-2017»-ні  жеңіп алуымыз. 
       Егер осы Отан, осы тәуелсіздік жоқ болса сіз еркін өмір сүруге, өз тіліңізде сөйлеуге, еркін жүруіңізге, шетелдерде оқуға, қандай да бір мамандықпен еркін айналысуыңызға мүмкіндік ала алар ма едіңіз, әрине ол туралы айтудың өзі де қиын.
       Мен, Отан маған не берер екен деп телмеңдемей, Отанға мен не берер екем деп елжіреп тұруым керек.
       Тал ексем отан үшін егем, ол ертең алып бәйтерек болады. Дән ексем отан үшін егем, ертең ол отандасымның наны болады. Болат қорытсам отан үшін қорытам, ол ертең отанымның ұшатын ұшағы, пойызы, тракторы, машинасы болып шығады. Жол салсам отан үшін салам, ертең ол халқым жүретін даңғыл болады. Біз тек отаншыл болсақ қана болғаны, отан бізді еш қашан ескерусіз қалдырмайды.
       Аспанда көк туымыз желбіресін, тәуелсіздік тұғырынан түспесін! Жасасын  тәуелсіздік!


    №59 МЛ 7 «А»сынып оқушысы Аман Шұғыла

    Бар табиғат «Қазақстан» деп жаңғырды

    Отан, елім, туған жерім, бесігім,
    Бірлігіміз әрқашан да жараспақ!
    Бүкіл әлем тағзым етер елім бар,
    Қайбір мықтың қазағыммен таласпақ?

    Азиада алауын да жандырды,
    Саммитпенен өзгеге үлгіқалдырды.
    Олимпиада алыптарын көргенде,
    Бар табиғат «Қазақстан» деп жаңғырды. 

    Ертіс пенен Есіл дейі суы бар,
    Көкше менен Алтайдайын нуы бар.
    Астанасы жарқыраған көгінде
    Бар тіршілік  қазағыма табынар. 

    Елдің басын Нұрағамыз бастаған,
    Қазақ елі тұнып тұрған дастан-ән.
    «EXPO»-ны иеленіп отырған
    Мен өзімнің Астанаммен мақтанам!





     

    Біздің мекен-жай:

    Астана қаласы,Сауран көшесі 5/1
    shl_59@mail.ru
    Байланыс телефоны:
    50-17-95
    50-17-99

    Санауыш

    • Осы айда 2891
    • Осы аптада 783
    • Кеше 113
    • Бүгін 20
    • Онлайн 0