Меню KDT
Астана қаласы Білім басқармасының "№59 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі

Андатпа

  • МЕКТЕП ТУРАЛЫ

    Бақытты және тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеудегі 10 алтын қағида:

    1. Ата-ананың басты көңіл бөлетін қағидасы - баланың бойында өзіне деген сенімділік пен сүйіспеншілікті қалыптастыру;
    2. Балаға қарым-қатынаста жағымды дағдыны қалыптастыруға көмектесініз;
    3. Қарым-қатынас жасаудың алтын қағидасы: тыңда және өте жақсы тында;
    4. Балаларыңызбен сөйлескенде, оның ойын тыңдағанда, күлімсіреңіз, сүйіспеншілік танытыңыз және осы сәттермен шаттаныңыз;
    5. Адамдылықты нақтылайтын үш қасиетті есте сақтаңыз -еңбек, адалдық, белестерді бағындыру;
    6. Қателіктерден сабақ ала білуге, батылдыққа үйретіңіз, сәтсіздік - ең үлкен ұстаз екенін ұғындырыңыз;
    7. Қарым-қатынасыңызда сынау-мінеуге жол бермеңіз;
    8. Мақсат қоя білуге ​​және оған жетуге тәрбиелеңіз;
    9. Балаңыздың қаржылық сауатын ашыңыз;
    10. Егер бақытты, сәтті адам тәрбиелегіңіз келсе, балаңызға күн сайын өте жақсы көретініңізді айтудан шаршамаңыз;

                                                                                               «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»

    Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты - балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты - тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні - өз ұрпағы.

    Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз - ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер - жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.

    Ата - ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата - аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.

    Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз ?!

    Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала - әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

     

    • 8-11 сынып ата-аналармен жүргізілген "ЖАҢАНЫ ҚАБЫЛДАЙ БІЛУ" тренингі
    •  

    №59 мектеп-лицейде өткен "Баланың басты ұстазы ата-ана" деген тақырыпта
               4-5 сынып ата-аналарымен жүргізілген тренинг барысында 



    жан күйзелісі

      Балалардың 20% -да невротикалық реакциалардың немесе невроздың бар екені сізді таңқалдыратын шығар. Бірақ мұнда таңқалатын жайт жоқ. Себебі, қазіргі заманның талаптары тек ересектердің психикасына емес, сонымен қатар балалардың психикасына да үлкен әсерін тигізеді. Стрестік жағдайларға кейде ересектер төтеп бере алмаса, онда психикасы толық құрылмаған балалар жайлы не айта аламыз?

       Бала бойындағы стресс ересектердікі сияқты, әрқайсысы үшін жеке және өзіне тән болады. Балалардың бәрі белгілі бір уақытта ғана стреске түспейді. Мысалы, кейбір балалар мектепте оқу кезінде ешқндай қиыншылық көрмейді, жақсы оқиды, ал кейбірулері үшін оқу қиын болып көрінгендіктен, басы, іші ауруы мүмкін.

       Сонымен қатар, балалар стресті әр түрлі қабылдайды. Кейбір кішкентай балалар өзінің сәби кезіндегі істерді жасауы мүмкін. Мысалы, бас бармақтарын сору, төсекке кіші дәретін жіберіп қою. Олардан үлкенірек балалар дипрессиясының белгілерін көрсетеді, тұйық болады, үндемейді, достарынан алшақтайды. Ал, кейбіреулері өз-өзін ұстай алмайды, шаштарын қолдарына орайды және т.б.

    Стрестен оңай, табысты шығу үшін уақыт пен шыдамдылық керек:

         Балаларға стресс қалай сезілетінін еске түсіріңіз. Ата-аналар үшін стресс болмайтын жайттар балалар үшін стрестің негізгі себептерінің бірі болуы мүмкін. Мысалы, екі жасар бала үшін ата-анасы қонаққа кетуі, оның басқа адамдармен қалуы бала үшін стресс болып табылады. Балаңыз қандай жағдайда болып отырғанын білсеңіз, оның осы тығырық уақыттан өтіп кетуіне көмектесіңіз.

       Баланың көзімен осы жағдайды көруге тырыссаңыз, оның қаншалықты стресте екенін түсінесіз.

       Бәрін түсіну үшін балаға уақыт беріңіз. Ересектер сияқты, балалар стресс жағдайында болғанда ішіндегісін айтуды қажетсінеді. Жатардың алдында балаға қандай жағдай мазалап жүргені туралы айтуға мүмкіндік беріңіз. Бала өзінің сезімдерін түсіндіру үшін, оны үндемей тыңдауға тырысыңыз.

       Баланы келеңсіздікке дайындаңыз. Жағдай туралы аз білгендіктен, қорқыныш сезіміңіз күшейе түседі. Сол себептен, баланы болашақта болатын жағдаймен таныстыру керек. Сіз балаға көп мәлімет берсеңіз бала болатын стресті сезінеді.

       Сәбилер уақыт кеңістігін бағдарлай алмайтынын естен шығармаңыз. Мысалы, анасын енді ешқашан көрмей қалудан қорқатын балаға, оның жұмыс бабымен 3 күнге кетіп қалғанын түсіндіріңіз. Оны балаға түсінікті болатындай айту керек. Мысалы, «Сенің анаң 3рет ұйықтағаннан кейін келеді». Бұдан бала анасын қанша уақыт күту керек екенін түсінеді.

      Баладан өте үздік тәртіп пен жақсы бағаларды талап етпеңіз . Баланың өміріндестресті тудыратын негізгі фактордың бірі, ата-ананың үмітін ақтау. Баланың қалпын сақтау үшін мұндай үміттерді төмендету керек.

       Балаңыз бала болып қалсын. Қазіргі заманның ата-аналарына балаларына аз уақыт бөледі. Көбіне, балаларынан мәселелерін өз бетімен шешуді және дербес болуды күтеді . Кішкентай балалар осындай жағдаймен кездескенде, ата-аналардың позициясы дұрыс емес екенін түсінбейді. Сонда оларда: «Не себепті мен мұны істей алмаймын. Маған не болған? », Деген сияқты сұрақтар туады. Өмір өте қиын болып көрінеді және өзін-өзі қажетсізбін деп сезінеді. Есіңізде болсын, баладан тек оның жасына, қабілетіне тән әрекеттерді күту қажет. Бала әр кезде бала болып қалу керек.

       Қол ұшын созыңыз. Бала қай жаста болмасын, сіз оның көмекшісі, қорғаушысы, келеңсіз жағдай болғанда қорғанушысы екенін біліп отыру тиіс. Егер бала осының бәрін түсінетін болса, онда ол қоршаған ортадағы құбылыс- тарды жақсы меңгеріп, бағдарлай алады, өзгелерден тез үйренеді. Мысалы, бірінші рет балабақшаға келіп тұрған балада қорқыныш сезімі кеткенше , ол сіздің қолыңыздан ұстап жүргісі келеді. Сонда доктор Эгелэндтің айтуы бойынша, былай деу керек: «Мен білемін сен қорқып тұрсың, қорықпа, мен маған көмектесемін, жаныңдамын ғой!». Ал жеткіншектермен, жасөспірімдермен қарым- қатынасқа түскенде олардың өздері мәселелерін шеше алатынына сеніміңізді арттыруыңыз қажет . Егер мәселесін шеше алмаса, онда сіз әрдайым көмекке келетініңізді түсіндіріңіз.

        Өміріңіз туралы айтыңыз. Өзіңіздің өміріңізде болған қиыншылықтар мен қуаныштар туралы балаңызбен бөлісіңіз . Сол кездегі стрестен қалай арылғаныңыз туралы, бала кезіңіздегі қиыншылықтар, келенсіз жағдайлар туралы айтыңыз. Сонда бала үшін оның жеке қобалжулары күнделікті құбылысқа айналады .

    Сіз күйзеліспен қалай күресу керектігін білесіз бе?

    Біріншіден, өз бойыңызға жаман эмоцияларды жинамаңыз. Егер сіз ашуға булықсаңыз, сабырлық сақтаңыз және оны қоршаған ортаға шығармаңыз.
    Екіншіден, өз өміріңдегі шешімін таппаған кезеңдерді анықта, және ол туралы есіңе алып, мазасызданба. Өзіңнің жасаған қателіктеріңді есіңе түсіріп, өз-өзіңді жазалай берме. Тек қана осындай жағдайлардың екінші рет қайталануына жол берме.
    Үшіншіден, егер өзіңді нашар сезінсең, ата-аналарыңмен сөйлесуге тырысып көр. Егер бұған мүмкіндік болмаса, өзіңе жақын, сенімді адамдарды тауып онымен сөйлес. Өз бойыңда жаман проблемаларды алып жүру денсаулыққа зиянын тигізеді. Мұны есте сақта!
    Күйзелістен құтылудың жолы өзің сүйетін істермен және спортпен шұғылдану. Денені шынықтыру бойды сергітіп, көңіл-күйді жақсартады. Дүкендерге бару да көңіл-күйді көтеруге көмектеседі. Өзіңе бірнеше ұсақ-түйек заттарды сатып ал. Бұл әрқашан ғанибет.
     Соңында: уақыт әр қашан өмірдің салған жарасын емдейді! Күйзеліске түсе бермей - әрдайым оны шешудің жолдарын тап, сонда ғана сенде бәрі жақсы болады!

    Біздің мекен-жай:

    Астана қаласы,Сауран көшесі 5/1
    shl_59@mail.ru
    Байланыс телефоны:
    50-17-95
    50-17-99

    Санауыш

    • Осы айда 2891
    • Осы аптада 783
    • Кеше 113
    • Бүгін 20
    • Онлайн 0