Меню KDT
Астана қаласы Білім басқармасының "№59 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі

Андатпа

  • МЕКТЕП ТУРАЛЫ

    «№ 59 мектеп-лицей» ММ директоры

    Жұмабекова Алма  Алтынханқызы

    Білімі: Жоғары, Қарағанды мемлекеттік университеті (1988ж)

    Мамандығы:
    математика

    Білімі: 
    Жоғары, Қарағанды мемлекеттік университеті (1992)

    Мамандығы:
    практикалық психология

    Білімі: 
    Жоғары, ҚазТұтодағының Қарағанды экономикалық  университеті( 2004)

    Мамандығы:
    « Мемлекеттік және жергілікті басқару»

    Білімі: 
    Магистратура, Қарағанды мемлекеттік университеті (2016) Педагогика ғылымдарының магистрі

    Педагогикалық еңбек өтілі:
    29 жыл

    Еңбек жолы:
    - 1988-1991 жж. Қарағанды қаласы «№ 74 ОМ» ММ –нің математика пәні мұғалімі;
    - 1991-1998 жж. Қарағанды қаласы «№ 57 ОМ» ММ –нің математика пәні мұғалімі;
    - 1998-2004 жж. Қарағанды қаласы  «№ 58  орта мектеп» ММ-нің директоры;
    - 2004-2016 жж. Қарағанды қаласы  « № 101 мектеп –лицей» директоры;
    - 2016 жылғы 2 наурызынан бастап  Астана қаласы « №65 мектеп-гимназия» ММ –нің  директоры;
    - 2016 жылғы 2 қыркүйектен бастап Астана қаласы  « №59 мектеп-лицей» ММ-нің  директоры.

    Марапаттары:
    Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  министрлігінің грамотасы, «Ы.Алтынсарин» төс белгісі, «Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы  құрметті қызметкері» төс белгісі, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі, 2015 жылғы Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының конкурсының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының инновациялық мекемелердің ең үздік директоры»
       
         Жұмабекова Алма Алтынхановна – ерекше көшбасшылық қасиетіне ие, кәсіби құзіретті, шығармашыл жетекші.
           Білім беру жүйесінде жаңарту үдерістерін еркін меңгере білетін толыққанды дамыған ұйымдық құрылымды құруға ықпал етуге  білім берудің  барлық субьектілерін негізге ала отырып, қызметке енгізу арқылы  өзінің көшбасшылық қасиетінің  аркасында басқарудың жаңа тәсілдерін жүзеге асырады.
        Астана қаласы «№59 мектеп-лицей»-инновациялық орта жалпы білім беру мекемесі, негізгі және қосымша білім беру бағдарламалары, жаратылыстану+математикалық бағыттағы бейіндеп оқыту бағдарламаларын  жүзеге асырып келеді.
           № 59 МЛ –де  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік тәрбие бойынша пилоттық білім мекемесі; «Биоинформатика және Синергетика» жалпы білім беру мектептерінде  сапаны бақылау  технологиясы мен «ҚР ұлы тұлғаларын үлгі етудегі оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беру», «Оқытудың сабақтастығы» жобаларын жүзеге асырып келеді.
          87 сыныпта мемлекеттік және орыс тілдерінде 2500 оқушы оқиды. Мектепте 135 мұғалім, 15 адамгершілік-рухани білім беру тәрбиешілері жұмыс істейді.
       №59 мектеп-лицейінің білім берудегі мақсаты – әрбір оқушының қабілетін анықтап, дамыту,жоғары адами құндылықтарға, ұлттық және әлемдік мәдениеткебағытталған рухани  рухани-адамгершілік, интеллектуалды, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болып табылады.
         Мектеп-лицейдің басты міндеті – балаларға сапалы білім беру , яғни оларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде  қалыптастыру, оларды адами құндылықтарға, сүйіспеншілікке, сабырлылыққа, қайырымдылыққа, алғыс айта білуге  үйрету.
            Басшының басты міндеті - педагог ұжымды басқарудың тиімді жүйесін құра білу.
         Қазіргі кездегі  мектепті басқарудағы  әлемдік тәжірибенің бір әдісі мектеп басқармасының бағыттарын көшбасшылық бағытқа өзгерту.
          Көшбасшылық тікелей дамумен байланысты. Көшбасшылық – алға ұмтылу, жақсы жағына өзгеру, адамның ішкі дүниесінің дамуы, міндетті түрде  басқаруға көнетін және жоспарланған болуы керек.
           Мектепте бөлінген көшбасшылық арқылы басқару үлгісі құрылған.
        Бұл үлгінің негізгі идеясы  деңгейлік бағдарламалар курстарының ыкпал етуі, курстан 30 педагог және білім беру ұйымдарының басшылары  біліктілік санаттарын жетілдіру курстарынан өтті. Бөлінген көшбасшылық арқылы  басқару үлгісі -  ол  көшбасшылықтың бір түрі яғни, басқарып отырған ұйым қызметкерлері арасында өкілеттілікті табыстаушы көшбасшылықтың мәдениетін енгізу болып табылады. Осы жаңа басқару үлгісін енгізу арқылы  педагогтардың да, оқушылардың да көшбасшылық қасиетін дамыттық.
         Мұғалімдердің жұмыстарындағы  жаңа әдіс-тәсілдері (коучинг, менторинг,  Lesson Study  әдісі, кезеңдік  сабақатар сериясы, «тәжірибедегі рефлексия») мектептің өміріне анық енуде.
        Коучинктің негізінде көшбасшылықты анықтап, өз командасын құруды үйренді. Бұл топтарда жаңа көшбасшылар «тәрбиелінеді». Фокус- топтардың барлық қызметтері  мұғалімдердің  педагогикалық  шеберлігінің  өсуіне  және білім беру үдерісін жетілдіруге ықпал етті. Мұғалімдердің тәжірибелік семинарларға және конференцияларға қатысуы оған дәлел (48%мұғалімдер қатысты). Олар деңгейлік бағдарламаныңбастамалық көзқарасы  негізінде  өз жұмыстарында мектепте,  сыныпта тәжірибеге енгізу себеп болатын сұрақтарды жарыққа шығарады.
        Мектеп-лицейін басқару – мектептегі, білім беру тәжірибесіндегі қиындықтардан шығу және жағдаяттарды шешу үшін нақты  іс-әрекеттерді  жасау арқылы  әлеуметтік маңызды  білім беру жобаларын  жүзеге асырады. Жобалар бір-бірімен тығыз байланысты, жүйелілік дамушылық сипаты бар, мектеп-лицейінің әр бір мұғалімі  кемінде бір жобамен  айналысады. Жобаға қатысушылардың арасында  мұғалімдерден  басқа ата-аналар, оқушыларда  қатысады, олар осы өмірде  қажетті құзіреттілікті  дамытушы жаңа  әдіс-тәсілдерді меңгерген.
        ҚР тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың тұлғасын және Қазақстаннның көрнекті тұлғаларын  үлгі ете патриоттық тәрбиелеудің  үлгісі «100 жаңа есімдер»  жобасы енгізілуде, өз Отанына деген адалдық және  берілгендікпатриоттық сана-сезімдерін қалыптастыруға ,  азаматттық борыш пен  негізгі  Конституциялық міндеттерді  орындауға жағдайлар жасаулған. 1-4 сынып оқушылары – «Жас қыран»  балалармен мен жасөспірімдер  ұйымының мүшелері, 5-11  сынып оқушылары  «Жас Ұлан» құрамына кіреді, педагогтар «Нұр Отан»  партия  ұжымының мүшелері  болып табылады. Ал жоғары сынып оқушылары – «Жас Отан» партия мүшелері. Жоғары сынып оқушыларының Кеңесі белсенді жұмыс істеуде.
      «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруді енгізу, баланың рухани-адамгершілік мәдениетін, өмірдің мәнін түсінуі мен дамуына көмектеседі. Барлық оқу пәндері  идеяларын интеграциялау мекеменің ерекшелігі болып табылады.
       «Кәсіби-бағдарлы оқыту жобасын»енгізу – Бәсекеге қабілетті маманды дайындау, кәсіби бағдар  беру жұмысы жүйесін енгізу арқылы және білім беру деңгейлері арасындағы  сабақтастығы  арқылы жүргізіледі. Жобаның мақсаты- мектеп оқушыларына  кәсіби  бағдар  беру мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.
        Ерте бейімдеу негізгі  орта және кәсіби білімі арасындағы  сабақтастығы бар жүйесін енгізу  мақсатында кәсіби мансап кабинетнін ашу жоспарлануда, мұнда оқушылардың бейімділіктерін зерттеп, анықтайды. Соңғы  3 жылда  оқушылардың  ерте өзін-өзі  кәсіби анықтап, өз динамакасы байқалады, орта есеппен  54%  мектеп түлектері  білімдері мен практикалық іскерліктеріне сәйкес  мамандығын таңдап, кәсіптік лицейлер  мен  колледждерге оқуға түсті: техникалық мамандықтарға - 40%,  қызмет көрсету саласы мамандығы-25%, экономикалық мамандықтар -22% оқуға түсті. Таңдаған бейіміне, мамандығына сәйкес  11 сыныптан кейін  оқушылардың 100% - ы ЖОО-на түсуде.
       Педагогикалық ұжыммен жұмыстың маңызды  аспектісі әрине зерттеу жұмыстары болып табылады. Диагонистикалық зерттеу жұмыстары тиімді болуы үшін, болашақта ұзақ мерзімі бар  зерттеу әдістемелер топтамасы  әзірленді. Зерттеу нәтижелерінің көмегімен  мектеп қызметінің бағыттары анықталды.
          №59 мектеп-лицейінің стратегиялық даму бағыттары:
          - Педагогтардың біліктілікті жетілдірудің  ЦПМ – деңгейлік бағдарламалардың тәжірибесі мен  ұстанымын түсінеді, біледі;
          - Барлық деңгейде көшбасшылықты дамыту;
          - Мектеп, сынып аясындағы қызметті зерттеу;
          - Ынтымақтастықтағы сенімділік мәдениетін дамыту;
          - Тиімді тәжірибе бойынша желілік қоғамдастықты кеңейту.
       Мектеп ұжымының ұстанымы-мұғалімдердің мүмкіндіктерге қол жеткізуі, біліктіліктері мен білімдері.
     

     

    Біздің мекен-жай:

    Астана қаласы,Сауран көшесі 5/1
    shl_59@mail.ru
    Байланыс телефоны:
    50-17-95
    50-17-99

    Санауыш

    • Осы айда 2891
    • Осы аптада 783
    • Кеше 113
    • Бүгін 20
    • Онлайн 0