Меню KDT
Астана қаласы Білім басқармасының "№59 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі

Андатпа

  • МЕКТЕП ТУРАЛЫ

    2017-2018 оқу жылы
    Кітап қоры - 55 000 дана
    Оқулықтар саны - 45 156 дана
    Көркем әдебиет - 6 713 дана
    Оқырмандар саны - 2000
    Іс-шараларға қатысушылар саны - 15 000
    Берілген кітап саны - 20 000 дана

    30.01.2018 ж.
    «Өзің оқып шықсаң басқалары да оқысын», «Кітап оқиық алмасып» айдарымен Буккроссинг айлығы өтіп жатыр. Мектептің 1 қабатында бастауыш блогында және  2 қабатта кітапхананың қасындағы дәлізге кітап сөресі жасалынды. Мақсаты – кітап алмасу, кітап оқу және оқырмандардың қызығушылығын арттыру. Кітап оқу арқылы көзбен көрген мәтін мида тез сақталып, жазу сауатына пайдасын тигізеді, сөйлеу шешендігін арттыруға да көмектеседі.Кітап оқудың дәстүрін жаңғыртайық, жақсы кітапты бір бірімізбен ауысып оқиық, жақсы кітап жан азығы дегендей.







     
    31.02.2018ж.
    Мектеп кітапханасында табиғат тақырыбына кітап көрмесі жасалынды. Мақсаты – табиғатты қорғау, аялау, сақтау. Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Көрмеге отыз бес көркем әдебиет қойылды. Мектептің бірінші сыныбынан он бірінші сыныбына арналған. Осы орайда мектептің жетінші сыныптары арасында ақпанның бірінде табиғат туралы өлеңдер сайысы өткізілді. Мұғалімі Усембаева Д.К. Қатысқан оқушылар саны отыз оқушы. Оқушылардың өлеңдері тыңдалып, ерекшелеріне мақтау қағаздары берілді. Оқушылар белсенділік көрсетті. Сондайақ 05.02.2018ж. Жетінші сынып оқушыларымен ойын сабақ өтті.






    03.02.2018ж С.Сейфулиннің 124 жылдығына орай С.Сейфуллин мұражайына саяхат жасалды. Онда мектептің жетінші сынып оқушылары қатысты. Мақсаты – С.Сейфуллин шығармашылығымен жақын танысу. Мұнда оқушылар Сәкен Сейфуллин шығармаларынан өлеңдер оқыды. Мұғалімі Ибраева Л.Қ., өзін өзі тану пәнінің тәрбиешілері кітапханашылармен бірлесіп оқушыларды апарды. Мұражайға оқушылар өздерінің тілектерін жазып кетті.












    09.02.2018ж
    Мектеп кітапханасында сегізінші сыныптан бастап он бірінші сынып оқушылары арасында «Мұқағали - сырлы әлем» атты ашық сабағы өтті. Кітапханада Мұқағали Мақатаев шығармаларынан кітап көрмесі жасалды, он бес дана кітап қойылды. Сабақта оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, өміріне шолу жасады. Мұғалімі Жүнісова М.Б.  ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты слайдтар жасап, оқушыларды таныстырды. Оқушылар өте белсенді қатысып, ерекше әсер алды. Сондайақ оқушылар ақынға арнаған өлеңдерін оқыды. Ерекше көзге түскен сегізінші «ә» сынып оқушысы Астанакулов Үсен болды. Қатысқандар саны отыз бес оқушы.










    2016-2017 оқу жылында мектеп кітапханасында өткізілген іс-шаралар


    22.09.2016 ж  - 
    «Книги своими  руками», «Книжка  -малышка»-5 д,е.ж-90уч-ся участвовало  учитель русского языка и литературы Раева С.Г.цитаты о книгах, кроссворды,высказывания  великих мыслителей  о книгах, 25 выдано книг.Ғажайып кітап әдісімен бастауыш мектеп оқушыларымен жумыс. Балалар  оқыған кітаптары бойынша өз ойларын жазып, стикерлерді ағашқа жапсырды. 

    23.09.2016 ж - Қазақстан халықтарының тілдер Күні мерекесіне орай  өлеңдер сайысы ,мәнерлеп оқу, өз шығармаларын 5а,б,6 с, 7,8.9 сыныптар арасында сайыс өткізілді. «Ана тілі –жүрек  үні» атты көрме жасалды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Коекеева Н.М.-мен  кітапханашылар өткізді. Қатысқан оқушылар саны 40.

    01.10.216 ж -  «Кітаппен  бірге өсейік» атты кітапханалық сабақ 1 а,ә сыныптарымен өткізілді. Сондай-ақ  кітапханаға саяхат «Кітап-рухани қазына»  атты өткізілді, Мұғалімдер күніне арналған «Ұстаздық ұлы қызмет»  атты кітапхана көрмесі жасалды.
    09.10.216 ж - «Кітап-білім бұлағы» саяхат  сабақ өтті. Қатысқан 2д сынып 25 оқушы қатысты  «Балаларға базарлық»  атты кітап көрмесі жасалды бастауыш  мектеп мұғалімі Халтаева Г.Т. кітапханашылармен бірге өткізді.
    10.10.2016 ж - «Құрметтейік кітапты» атты кітапханалық сабақ өтті Қатысқан 2ә сыныбынан  25 оқушы болды. «Күш-білімде» атты  көрме жасалып сынып жетекшісі  Ибираева Г.О. кітапханашылармен бірге өткізді.
    11.10.2016 ж - «Қітап-рухани қазына» атты  саяхат сабақ өтті Қатысқан  2г сынып оқушылары болды, сынып жетекшісі Шаимова А. Г кітапханашылармен бірігіп өткізді, «әлемді үш тілде танимын»  атты көрме жасалды.

    19.10.2016 ж -  «Сказки Пушкина» викторина в   виде «Поля чудес» участвовали  35 учеников  с  3 к класса проводила классный руководитель  Тлеуленова З.Х. с библиотекарями.



    24.10.216 ж -  
    к 100 летию Б.Булкышева по книге «Заман біздікі»  с учениками 5 ғ класса в виде беседы участвовала 15 уч-ся , библиографический обзор произведении , чтение раннего  рассказа  «Ұялдым».

    24.10.2016 ж «Бір ел-бір кітап» атты  акциясына «Абайға ұстаз болған» Д.Бабатайұлына арналған кітап  көрмесі жасалды.

    25.10.2016 ж - «Сто добрых дел» с учениками 3 ә,е классов  был произведен  ремонт книг, с целью бережного отношения к книгам.

    12.11.2016 ж - Саяхат сабақ «Кітапхана-білімпаздар мекені» атты  1 а сыныбында өтті,25 оқушы қатысты, сынып жетекшісі Байкуванова Г. Ж. кітапханашылармен бірігіп өткізді.

    Ы.Алтынсаринның175жылдығына арналған «Алтынсарин-ұлы ағартушы-ұстаз» атты көрме жасалды.

    ҚР Тәуелсіздігінің  25жылдығына арналған «Тәуелсіздік  тұғыры» атты кітапханада көрме жасалды.

    01.12.2016 ж - «Білім кілті- кітапта» атты  2и сыныбында және 1д сыныбында «Кітап патшалығында»  атты кітапханада саяхат сабақ өтті.

    12.12.2016 ж- 11 б сыныбында ҚР Тәуелсіздігінің  25жылдығына арналған және ҚР Президентінің Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Тарих мұғалімі Сыдыкова Н.О. кітапханашылармен бірге өткізді.

    Қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін кітапханада аптаның жұмасында мұғалімдермен «Рефлексия в практике» атты әдістемелік сабақты т арих мұғалімі Сыдыкова Н.О. өткізді.

    14.12.2016 ж - «Тәуелсіздік тірегім» атты  өлеңдер сайысын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Қ.Ибраева  4-6 сыныптар арасында өткізді. 

    01.02.2017 ж - «Жүректен-жүрекке» атты көрме өзін-өзі тану апталығына орай өткізілді. Бөбек қорының негізін салушы С.Алпысқызы Назарбаеваның 75-жылдығына арналған 1-11 сыныптарға «Алтын жүрек анамыз» атты көрме жасалды.

    02.02.2017 ж - «Білімнің бір жауы бар, оның аты кітап оқымау»  атты 3 г сыныптарымен кітапханалық сабақ өтті онда топтың 15 оқушысы қатысып, өз ойларын бөлісті. « Кітап патшалығында» атты кітап көрмесі жасалды.

    02.02.2017 ж - 3а сынып оқушыларымен орыс тілі сабағында сөйлейтін қаламға тұсаукесер жасалды. Топтың 16 оқушысы қатысты. «Мерейтой иелері» атты көрме жасалды.

    03.02.2017 ж- Факультатив сабақтар «20 минут кітап оқу» әдісімен « Кітап оқитын адам-табысты адам» атты өткізіліп, өзін-өзі тану апталығына орай 1 сыныптардың оқушыларымен өткізілді

    04.02.2017 ж - Өзін-өзі тану апталығына орай «Кітап-асыл қазынам» атты тәрбие сағаты 4 д сыныбында 29 оқушы белсенді  қатысып, сынып жетекшісі Кузембаева А.О. өткізді, «Балаларға базарлық» кітап көрмесіне 25 басылым қойылды. Балалар кітапқа арналған өлеңдер оқып, кроссворд шешіп, би биледі.  

    21.02.2017 ж - «Кто много читает ,тот много знает» атты факультатив сабақ 1 сыныптарда  200 оқушының қатысуымен өтті, балалар кітап туралы мультфильм көріп, оларға Айгөлек журналдары сыйға берілді. Өзін-өзі пәнінің мұғалімдерімен кіріктірілген сабақ  өткізілді.

    01.03.2017 ж - Т.Айбергеновтың 80 жылдығына  арналған «Құйма жырдың киесі» атты көрме жасалды.

    02.03.2017 ж- «Ана-күннің шуағы» атты 8 наурыз Халықаралық әйелдер Күніне арналған мерекеге сай тақырыптық кітап көрмесі жасалды.

    02.03.2017 ж - Танымал қазақ жазушысы Ғ. Мүсіреповтың 115  жылдығына  арналған көрме жасалды.

    20.03.2017 ж - «Таусылмайтын қазына» атты салт-дәстүрлер туралы Наурыз мерекесіне орай кітап көрмесі жасалды. 

    08.04.2017 ж - 3 к  сыныбында сынып жетекшісі Тлеуленова З.Х. кітапханашылармен бірге «Великие путешественники» атты  Ресей жазушысы М.М.Зощенко-ның115 жылдығына орый ашық сабақ өткізді. 

    11.04.2017 ж - Кітапханашылар 1 сыныптар арасында «Денсаулық –зор байлық» атты жаратылыстану, дүниетану, дене шынықтыру пәндерімен кіріктірілген сабақ өткізілді, мұнда  220 оқушы қатысып, салауатты өмір салды туралы мағұлыматтар алды, балалар өздерінің сұрақтарын қойып, оларға жауаптарын алды, өз ойларымен бөлісті. «Салауатты өмір сүреміз» атты кітапханада көрме жасалды.

    12.04.2017 ж - «Ғарыш әлемінде» атты ғарышкерлер Күніне орай 1-11 сыныптарға арналған көрмеге 10 басылым қойылды.

    24.04.2017 ж - Кітапханада  5 е.д.ж сыныптарында  20минут оқу әдісімен кітапханалық сабақ өтті.«Необычные библиотеки мира», «Библиотеки древние и современные» атты слайдтар жасалып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. «Мерейтой иелері» атты кітап көрмесіне  40 басылым қойылды.

    27.04.2017 ж -  « Бейбіт Қазақстан» атты сурет көрмесі 1 Мамыр Қазақстан халқтарының бірлігі мерекесіне сурет сайысы өткізілді, 1-4 сынып оқушылары арасында өткізіліп, мектептің 1-ші қабатында оқушылардың үздік жұмыстарынан көрме жасалып, белсенді қатысқан 1Б сынып оқушыларымен басқа да сыныптардың оқушылары грамоталармен марапатталды.

    27.04.2017 ж - 1 Мамыр Қазақстан халқтарының бірлігі мерекесіне«Қазақстан достық мекені» атты кітапханада 1-11 сыныптарға арналған  кітап көрмесі жасалып, 15 басылым қойылды.

    28.04.2017 ж - «Абай дана, Абай дара қазақта» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнімен кіріктірілген тәрбие сағаты  10В сыныбындаөтті, мұғалім Ахметжанова А.Т. оқушылармен костюмді қойылым жасап, оқушылар Абайдың өлеңдерін жатқа айтып, өлең айтты. Кітапхашылар Абайдың шығармаларына библиографиялық шолу жасады. сыныпттың18оқушысы қатысты. Кітап көрмесіне  32 басылым қойылды.











     10.02.2018ж.
    Өзін өзі тану пәнінің негізін салушы Назарбаева Сара Алпысқызының туған күніне орай «Алтын жүрек анамыз» атты тақырыптық кітап көрмесі жасалынды. Мақсаты – оқушыларға ананың ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру, әлемдегі барлық жақсылық ана махабатынан тарайтынын түсіндіру, балалардың жүрегіндегі анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу.




    № 59 мектеп – кітапханасындағы 2013-2014 оқу  жылында  өткізілген  іс- шаралар  туралы  мәлімет

    Кітапхана көрсеткіштері:

    Кітап қоры – 55 000 дана.

    Оқулықтар – 46 842 дана.

    Көркем әдебиет – 8 158 дана.

    2016 жылдың 1 қарашасына бойынша оқырмандар саны – 585.

    Қатысқандар саны – 1531.

    Берілген кітап және басылымдар саны – 3 833.


    Ана – әлемнің  жарығы

    (Мерекелік  іс - шара)

           Мақсаты: оқушыларға   8  Наурыз  - Аналар   мерекесі   туралы  мағлұмат   беру; ата – аналардың   мектеппен   тығыз   байланысын  арттыру, баласын   білімге, мейрімділікке, ұстамдылыққа   тәрбиелеу, ұстазға, ата – анаға  деген   құрмет  - сыйын    арттыру; оқушылардың   бойындағы   өнері   мен   дарындылығын   дамыта   түсу.
    Көрнекілігі: даналық   сөздер, кітап   көрмесі, слайд.
          Жүргізушінің  кіріспе  сөзі:  Армысыздар, адалдықтың   ақ   туын  желбіретіп , көктем  күніндей  , баршаның   жүректерін  елжіретер , ардақты асыл  аналар! Сіздерді   Сегізінші  наурыз   мерекесімен   құттықтаймыз!

    1-оқушы: Ақпанның   ақ   дауылын  , ақ   мамық   бұлтын   серпіп   тастаған, наурыз  көктемнің   шымылдығын   бозбаладай   ентіге   ашып, мереке  төріне   келіп  отыр.

     Әлемнің   жарығын

    Сыйладың   сен  маған,

    Даламның  әр  гүлін

    Жинадың сен  маған.

    Сен  бердің  құстардың

    Қанатын  самғаған.

    Балалық  құштарың

    Өзіңе  арналған, - дей  келе «Ана  , саған  табынам» атты  мерекелік  іс – шарамызға   қош  келдіңіздер  дейміз!


    2- оқушы: Ана...ана  бүкіл  әлемнің  әдемілігі, бар  тіршіліктің  жарығы, анаға  деп   әр  бала  өз  лебізін  білдіреміз  дейді.

    3- оқушы: Ана  деген  асыл  есім  көркем,

                       Ғажап  едің  анашым   сен  неткен.

                       Осы  күнге  мені  жеткіздің   сен,

                       Сенімімді  ақтаймын, ана,мен.

    4- оқушы:Өмірде  Ана – бақыт,  Ана – пана,

                       Өмірде  өркендетер  ана  ғана.

                       Өсірген  талай  шешен, талай  көсем,

                      Талай  ер, талай ақын, талай  ана.

    5- оқушы:Ана  өмірдің  нұры  ғой,

                       Жанып  тұрар  күні  ғой.

                       Аналарды  құрметтеу

                      Бәрімізге  міндет  қой.

    6- оқушы:Мерекең  келе жатыр  алдағы,

                       Қуантуға  тырысамын  мен  - дағы.

                       Үлкен  сыйлық  болмаса  да  қолымда,

                       Арнаймын   мен   пәктік   асыл  сөзімді.

    Сергіту  сәті.

             Сіздермен, аналар, сергіту   сәтін   ұйымдастырып,  мақал – мәтел  айту   түрінде  сайысымызды    өткіземіз.Мақалды   мен   бастайын , сіздер   жалғастырып   айтыңыздар.

    1. Жүзігің  алтын  болғанша... ( жүзің   жарқын  болсын)
    2. Бала  жетіге  келгенше...( жерден таяқ  жейді)
    3. Ұлға  отыз  үйден  тию...(қызға  қырық   үйден  тыйым)
    4. Ата – бәйтерек...(бала – жапырақ)

    Көрініс: «Үш  бала».

    Сұрақ: Көріністен  қандай  ой  түйдің?

    «Ананың  көңілі – балада, баланың   көңілі - далада» деген  нақыл   сөздің  бұл   көрініске   қатысы   бар  деп  ойлайсың  ба?

    «Анамның  дауысы» ойыны

    Құрметті , аналар, қазір  сіздер  бір – бірлеп,  өз  балаңызды  шақырасыз.Мысалы, ұлым  немесе  қызым  деп, ал  атын  атамайсыздар. Қай  бала  анасының  дауысын  таниды  екен№

    «Анашым» әні.

    Сіздер  үшін  біз  өз   сыйлығымызды  жасадық( сыйлықтарды  тарату)

    Қорытынды. «Ананың  ақ  сүтін  ақтау» деген  тамаша  бір  сөз  бар. Біз  осы  сөзді  қалай  жүзеге  асырып   жүрміз,  осыны  мықтап  ойланайықшы! Анаға құрмет  өмір – бақи  терең  де,  шексіз   болуы  керек.

         Анасын  сыйламаған  тас   жүрек  адам  өмірде  ешкімнен  сый  көрмейді , өзінің  ниетінен  өмірде   қатты  соққы  көреді. Адам  баласы   үшін   ең  аяулы  , ең  қастерлі  сөз – Ана деп  білеміз!

           Құрметті ,  аналар,  әжелер , алтын   уақыттарыңызды  бөліп,  құрметтеп, қонағымыз   болғандарыңыз  үшін   алғысымызды   айтамыз.

    Біздің мекен-жай:

    Астана қаласы,Сауран көшесі 5/1
    shl_59@mail.ru
    Байланыс телефоны:
    50-17-95
    50-17-99

    Санауыш

    • Осы айда 2891
    • Осы аптада 783
    • Кеше 113
    • Бүгін 20
    • Онлайн 0