Меню KDT
Астана қаласы Білім басқармасының "№59 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі

Андатпа

  • МЕКТЕП ТУРАЛЫ

    Мектеп жаңалықтары

    «Аяулы менің мектебім – ізгілікке толы»

    2017 жылдың 24 қараша күні №59 мектеп-лицейі алтын ұя мектебіміздің 10 жылдық мерейтойын және «Бөбек» ҰҒПББСО 20 жыл толуын байланыстыра отырып «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағытымен «Аяулы менің мектебім – ізгілікке толы» атты мерекелік іс-шарасы өтті. 
    Біздің мерекелік іс-шараға Астана қаласы Білім басқармасы, Астана қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғам филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтының инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі және «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша тренерлер, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің аға оқытушысы, Астана қаласы әкімдігінің «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің» директоры, «Астана қалалық балалар үйі» мемлекеттік мекемесінің директоры, мемлекеттік ақпарат академигі «Әлем рухани арқылы» қоғамдық бірлістік төрайымының орынбасары, №64 «Асыл бөбек» балабақшасының меңгерушісі, «Жүректер үндестігі» клубының жетекшісі, пилоттық білім беру мекемелері әр мектептің «Өзін-өзі тану» әдістемелік жетекшілері мен пән мұғалімдері және олимпиада қатысушылары мектепте қонақта болды.
    Келген қонақтарды домбыра оркестрі «Сарыарқа» күйімен қарсы алды. Президенттік залындағы көрмені және болашақ №59 МЛ жобасын 3,10-сынып оқушылары таныстырып, атриумда «Нұрлы шуақ» композициясын ұсынды. «Аяулы менің мектебім» бейнематериалы, «Ару» қазақ биі, «Бөбек» орталығы туралы бейнематериал, «Я, ты, он, она», «Совершите чудо», «Любимая школа» әндері, «Жалпыадамзаттық құндылықтар» атты құммен сурет салу, «Өмір белесі» атты көлеңке би көрінісін тамашалады. «Бір үйдің баласындай» әнімен аяқтады.




















    Просмотров: 231

    Комментарии


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Біздің мекен-жай:

    Астана қаласы,Сауран көшесі 5/1
    shl_59@mail.ru
    Байланыс телефоны:
    50-17-95
    50-17-99

    Санауыш

    • Осы айда 1351
    • Осы аптада 249
    • Кеше 13
    • Бүгін 6
    • Онлайн 0