Меню KDT
Астана қаласы Білім басқармасының "№59 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі

Андатпа

  • МЕКТЕП ТУРАЛЫ

    Мектеп жаңалықтары

    «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағыты бойынша апталық

    2018 жылдың 12ақпанында  №59 мектеп-лицейде Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. Туған жер» бағдарламасы негізінде  «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Алтын жүректі ана» тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында  ашық сабақтар өткізілді.С.А. Назарбаева туралы кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Мейірімін төккен ана» атты қабырға газеттерінің сайысы өткізілді. Газеттерді безендіруде оқушылар қолынан келген бар өнерлерін салып жүрек жарды тілектері мен өлеңдерін Сара Алпысқызына арнады. Рахметтері айтылып, қолтаңбалары қалдырылды.   

    «Өзін-өзі тану» апталығы  барысында еліміздегі білім беру мазмұнын жаңартуды енгізу кезеңінде «Өзін-өзі тану және өзін –өзі дамыту – адамның қазіргі әлемдегі жаһандық өзгерістер мен сынақтарға дайын болуының фактолары» ерекшелігіне байланысты білім беруді ұйымдастыру мен сапасын арттыру жайы сөз болды. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында «Өзін-өзі тану»пәнінің басқа пәндермен кіріктірілуі (Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих пәндері)  кіріктірілген сыныптардағы оқу процесін ұйымдастырып өткізу мәселесіне басты назар аударылды.



    Просмотров: 187

    Комментарии


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Біздің мекен-жай:

    Астана қаласы,Сауран көшесі 5/1
    shl_59@mail.ru
    Байланыс телефоны:
    50-17-95
    50-17-99

    Санауыш

    • Осы айда 3489
    • Осы аптада 667
    • Кеше 96
    • Бүгін 14
    • Онлайн 0