Меню KDT
Астана қаласы Білім басқармасының "№59 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі

Андатпа

  • МЕКТЕП ТУРАЛЫ

    Мектеп жаңалықтары

    «Анаға қарап қыз өсер»

    № 59 мектеп-лицейінде  6 наурыз күні халықаралық әйелдер күні қарсаңында 6 «Ә» сыныптың ұйымдастыруымен «Анаға қарап қыз өсер» атты сайыс өткізілді.

    Іс – шараның мақсаты: ананы ардақтаудың қаншалықты қымбат екендігін бүгінгі баланың бойына сіңдіру, ең құдіретті екендігін ұғындыру. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру.

    Міндеті:Қыз баланың тәрбиесіндегі ананың рөлі айрықша. Ұлттық тәрбиеден нәр алған қазақ қызы – өзгелерге өнеге.

             Аталмыш іс - шараға 6-сыныптар арасынан жеті қызымыз өз аналарымен бірігіп  4 түрлі өнерден сайысқа түсіп, аналарынан алған ақылы мен өнегесін көрсетті. Төрт бөлімнен тұрған сайыста  қыздар аналарымен бірге өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салып, қыздарымыз аналарына деген түрлі арнауларын айтып, қолөнер шеберліктерін көрсете білді.

    Сайыс нәтижесінде  анасы мен қыздары  «Өнегелі отбасы», «Өнерлі отбасы»,  «Ғажайып отбасы», «Шығармашыл  отбасы», «Икемді отбасы» , «Алғыр отбасы», «Шебер қол отбасы» номинацияларымен марапатталды.

    Аналар мен қыздардың сайысын осы сыныптың ұлдары және мектеп қабырғасындағы жас әншілер әнмен әрлеп, бимен әсемдеді.





    Просмотров: 112

    Комментарии


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Біздің мекен-жай:

    Астана қаласы,Сауран көшесі 5/1
    shl_59@mail.ru
    Байланыс телефоны:
    50-17-95
    50-17-99

    Санауыш

    • Осы айда 3973
    • Осы аптада 846
    • Кеше 152
    • Бүгін 88
    • Онлайн 1