Меню KDT
Астана қаласы Білім басқармасының "№59 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі

Андатпа

  • МЕКТЕП ТУРАЛЫ

    Мектеп жаңалықтары

    «Үздік педагог-2018»

    Елімізде жылдан жылға ұстаз мәртебесін, беделін  көтеруге, кәсіби құзіреттілігін, көшбасшылық қабілетін арттыруға, озық тәжірибені таратуға арналған түрлі шаралар өткізілуде, солардың бірі -17 наурыз күні мектебімізде  Республикалық, облыстық , қалалық көлемде өтетін дәстүрлі    «Үздік педагог-2018» мектепішілік  байқауының өтуі.  Байқауға мектебімізде қызмет жасайтын 180 –тарта мұғалімнің арасынан суырылып шығып, Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты  жастарымыз, үздік ұстаз деген атқа лайық ұстаздарымыз сайысқа түсіп, бақ сынады.  Байқауға қатысушы ұстаздарымыз:

    1.Сызу, бейнелеу өнері пәні мұғалімі - Солтанбеков Нуржан Мукаметбекович,

    2.Химия пәні мұғалімі - Каирбаева Акбота Нурмукановна;

    1. Информатика пәні мұғалімі- Кабидолдаева Алия Кабидолдаевна;
    2. Ағылшын тілі пәні мұғалімі - Нұртөлеу Мәдина Ғалымқызы;
    3. Тарих пәні мұғалімі - Шәкір Мақпал Мұратбекқызы;
    4. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Насырова Гульнұр Төлегеновна;
    5. Бастауыш сынып мұғалімі- Төлегенова Гүлнар Мұратовна;
    6. Бастауыш сынып мұғалімі- Тілеубердіева Аяулы Қанатқызы.

    «Үздік педагог-2018» мектепішілік байқауы үш кезеңнен тұрады:

    І кезең мектепішілік сырттай турда  қатысушы  мұғалімнің портфолиосына, видеосабақ  материалына және мұғалімнің  сабаққа жасаған сараптамасына бағалау критерийлеріне сәйкес              қазылар алқасы  өз бағасын береді.

     ІІ кезеңде мұғалімдер 1.ӨЗІН-ӨЗІ ТАНЫСТЫРУ «Менің педагогикалық ұстанымым» жобасын қорғайды.

    1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЯТТА педагог берілген жағдаят бойынша өз шешімін табады.
    2. Менің хоббиім.

    Бағалау 6 критерий бойынша өлшенеді.

     1.Оқушылар жетістіктері

    1. Педагогтің кәсіби құзыреттілігі
    2. Өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату туралы мәліметтері
    3. Педагогтің қалалық, республикалық білім беруді дамытудағы үлесі
    4. Құжатты безендіру мәдениеті 1-15 ұпай аралығы жүйесінде бағаланады.

    1.Сабақ беру әдістемесін меңгеруі

    1. Пәнді толық және жетік білуі.
    2. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыруы.
    3. Сабақ жопарлауының сапалылығы
    4. Шынайы және объективті тұрғыдан бағалай білу қабілеті.
    5. Уақытты ұтымды пайдалануы.

    7.Кері байланысты ұйымдастыру шеберлігі (1-4 ұпай)

    Байқау қорытындысы бойынша  Бас жүлдені ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұртөлеу Мәдина Ғалымқызы иеленсе, І орынға информатика пәні мұғалімі Кабидолдаева Алия Кабидолдаевна, ІІ орынға тарих пәні мұғалімі - Шәкір Мақпал Мұратбекқызы ІІІ орынға сызу, бейнелеу өнері пәні мұғалімі Солтанбеков Нуржан Мукаметбекович ие болды.








    Просмотров: 294

    Комментарии


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Біздің мекен-жай:

    Астана қаласы,Сауран көшесі 5/1
    shl_59@mail.ru
    Байланыс телефоны:
    50-17-95
    50-17-99

    Санауыш

    • Осы айда 3974
    • Осы аптада 847
    • Кеше 152
    • Бүгін 89
    • Онлайн 1