Меню KDT
Астана қаласы Білім басқармасының "№59 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі

Андатпа

  • МЕКТЕП ТУРАЛЫ

    Мектеп жаңалықтары

    Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровпен кездесу

    2018 жылдың 10 сәуірінде «Рухани жаңғыру» аясында  № 59 мектеп-лицейде Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры , Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы , техника ғылымының докторы , профессор , Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровпен кездесу болды.

    Аталған ісшара Ғарышкерлер күніне арналып «Жас Отан» жастар қанаты және «Нұр Отан» халық партиясының қолдауымен бірлесіп өткізілді.

    Кездесуге «Алдаспан» қорының президенті  Күлан Түріспекқызы, «Жас Отан» жастар қанатының Республикалык "Жас Ұлан" ұйымы орынбасары   Бекарыстан Нұрланұлы қатысты.

    Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров алдында республикалық және халықаралық  олимпиада, конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары өз өнерлерін көрсетті.

    Тоқтар Оңғарбайұлы  оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, мектеп бітіруші түлектерге өз батасын берді. Педагогикалық ұжымға жемісті еңбек шығармашылық табыстар тіледі.















    Просмотров: 199

    Комментарии


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Біздің мекен-жай:

    Астана қаласы,Сауран көшесі 5/1
    shl_59@mail.ru
    Байланыс телефоны:
    50-17-95
    50-17-99

    Санауыш

    • Осы айда 3495
    • Осы аптада 673
    • Кеше 96
    • Бүгін 20
    • Онлайн 6