Меню KDT
Астана қаласы Білім басқармасының "№59 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі

Андатпа

  • МЕКТЕП ТУРАЛЫ

    Мектеп жаңалықтары

    «XXI – ғасырдағы Қазақстандық ата – ана: өз балаңа үлгі бол!»

    Астана қаласы №59 мектеп – лицейінде 2018 жылдың 8 қыркүйегінде қалалық деңгейде   «XXI – ғасырдағы Қазақстандық  ата – ана: өз балаңа үлгі бол!» тақырыбы аясында, бірінші сынып оқушыларының ата – аналарына арналған Республикалық ата – аналар конференциясы өтті.

    Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты - Айтпаева Сауле Муханбедиановна, ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі-Бигари Рустем Айдарбекулы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары-  Ерсаинов Ержан  Ерсаинович қатысты.

    №59 мектеп – лицейі жаңа оқу жылында 500 ден  аса бірінші сынып оқушыларын қабылдады. Отбасылық білім беру институтының Бас директоры- Евдокимова Софья Львовна бірінші сынып оқушыларының ата-аналарында  кездесетін мәлелерге бағытталған бағдарлама ұсынды. Конференция барысында ата-аналар білім беру мен тәрбие процесіндегі  пайда болатын мәселелерді шешу үшін қажетті пайдалы кеңестер ала алды.
    Жаңа психологиялық-педагогикалық әдістер мен технологиялар ата-аналарға психологиялық ауыртпалықты жоюға, балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көмектессе, ал технологиялық жағынан қарасақ,ата – аналарға балаларының даму кезеңінде үлгі болуыжайында кеңестерберілді. Ата – аналарға сауалнама жүргізіліп жаднама таратылды.Конференция соңында ата – аналар өздерінің ризашылықтарын ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министріне және ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне өз алғыстарын білдірді.  

     









    Просмотров: 205

    Комментарии


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Біздің мекен-жай:

    Астана қаласы,Сауран көшесі 5/1
    shl_59@mail.ru
    Байланыс телефоны:
    50-17-95
    50-17-99

    Санауыш

    • Осы айда 3489
    • Осы аптада 667
    • Кеше 96
    • Бүгін 14
    • Онлайн 0