Меню KDT
Астана қаласы Білім басқармасының "№59 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі

Андатпа

  • МЕКТЕП ТУРАЛЫ

    Мектеп жаңалықтары

    Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер

    Астана қаласы №59 мектеп-лицейде 2018 ж. 12-қазан күні Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» тақырыбында V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.  Ауқымды да маңызды ісшараға Гонконг Университетінің білім беру факультеті Басқармасының төрағасы, математика білімі профессоры Леунг Фредерик (Гонконг),  Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының президенті, пед.ғылымдарының докторы, профессор Артамонова Екатерина Иосифовна (Мәскеу), Абай атындағы ҚазҰПУ Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, пед.ғылымдарының докторы, профессор (Алматы) және басқа да көптеген білім саласында қызмет жасап жүрген лауазым иелері қатысты.

    Пленарлық отырыс ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директоры Каринова Шолпан Таңатқызының  құттықтау сөзімен ашылды.

    Конференция барысында елімізде педагогикалық білімде жаңғырту, үштілді білім беруге көшу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалпы ұлттық құндылықтарын ендіру, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асыру барысы жайында кең ауқымда сөз қозғалды.

    Аталған Конференция жұмысына білім беру жүйесінің 250 өкілі қатысты. Сонымен қатар пленарлық отырыс пен панельдік сессиялар шеңберінде 80-нен астам баяндамалар талқыланды.

    №59 мектеп-лицей мұғалімдері Конференция аясында сабақтарын көрсетіп, сыныптан тыс жұмыстарына таныстырылым жасап, қонақтардың ілтипатына бөленді.


    Мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары Кенжеахметова Зәмзәгүл Сейітқызы



































    Просмотров: 189

    Комментарии


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Біздің мекен-жай:

    Астана қаласы,Сауран көшесі 5/1
    shl_59@mail.ru
    Байланыс телефоны:
    50-17-95
    50-17-99

    Санауыш

    • Осы айда 3485
    • Осы аптада 713
    • Кеше 127
    • Бүгін 15
    • Онлайн 0