09.01.2019 педкеңесінде І жартыжылдық бойынша 5-7 сыныптардың оқу-тәрбиесі жөнінде талдау жұмыстары жүргізілді. Оқу ісінің меңгерушісі Ещанова А.С 2-тоқсан қорытындысы бойынша есеп беріп, келесі жартыжылдықтың міндеттерімен таныстырды.
Педкеңестің екінші бөлімі мұғалімдердің оқу-тәжірибесімен ұштасты. Пән мұғалімдері критериалды бағалауды практика жүзінде көрсетіп, әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Математика пәні мұғалімдері сабақ барысында жұптық бағалауды, тіл мамандары (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) топтардың өзге топтарды бағалауын ұсынды. Тарих, жаратылыстану пәні мұғалімдері өзін-өзі бағалаудың тиімді әдістерін ұсынды. Модератор Усембаева Д.К жұмыстың нәтижесін сараптап, ұсыныстарымен бөлісті.
Үшінші мәселе бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі Абеуова Қ.К «Қауіпсіз мектеп» жобасын түсіндіріп, ІІ жартыжылдыққа арналған тәрбие жұмысымен таныстырды.