№59 мектеп-лицейінің
Қамқоршылық кеңесі отырысының
№2 хаттамасы
Күні: 12.09.2018ж.
Уақыты: сағ. 19.00
«2018-2019 оқу жылына Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту, ұйымның бюджетін талқылау, жан басына қаржыландыруды енгізу»
Қатысқандар:
- Махашова Р.Е. – Қамқоршылық кеңесінің төрайымы
- Молдатай Бекнур – ҚК мүшесі, ҚК хатшысы
- Жилбаев Ж.О. - ҚК мүшесі
- Кулшикбаева Б.М. - ҚК мүшесі
- Масхутов Р.Б. - ҚК мүшесі
- №59 Мектеп-лицейінің директоры – А.А. Жумабекова
- Оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары – Ж.А. Бодаева
- Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары – Ибышева К.А.
Күн тәртібі:
- 2018-2019 оқу жылына ҚК жұмыс жоспарымен танысу.
Баяндаушы: Қамқоршылық кеңесінің төрайымы – Махашова Р.Е.
- №59 МЛ бюджетімен танысу, 2018 жылдың 1 қыркүйегінен жан басына қаржыландыруды енгізу туралы
Баяндаушы: №59 МЛ директоры – А.А. Жумабекова
- Ақылы қызметтерді ұйымдастыруды жоспарлау
Баяндаушы: №59 МЛ директорының орынбасары – Ещанова А.С.
Тыңдалды:
- Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Махашова Р.Е. ҚК оқу жылына жұмыс жоспарымен таныстырды (жоспар қоса берілген).
- Мектеп дирокторы А.А.Жумабекова сөз сөйледі.
Ол қатысушыларды жан басына қаржыландыруға байланысты 2018 жылға арналған қаржыландыру жоспарымен таныстырып, білім беруде жан басына қаржыландырудың халықаралық тәжірибесі көрсететіндей мақсатты жоспарлау жүйесі мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттыруға және білім сапасын ұзақ мерзімге жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.Бірақ әр елде қиындықтар бар, ішкі тәуекелдер бар. Жан басына қаржыландыру әдіснамасын және «Мектеп бюджетін жоспарлау және басқару бойынша әдістемелік нұсқауларды» зерделеп, бірінші орынға, оқушылардың мүдделері мен құқықтары, сапалы білім алуы шығатынын түсінеміз. Ұйымдастыру және қаржылық басқарудың тиімділігі артып, ұйымдар арасында бәсекелестік пайда болады, мұғалімдерге арналған ынталандыру шаралары жұмысқа деген ынтаны арттырады.
Біріншіден, біз зейнетақы қорына көшуді жоспарлап отырмыз, бүкіл мектеп қызметкерлері үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мектеп бюджетін қаржыландыру көздерін түсіндіру, шығынтар ерекшелігі, бұрынғы сатып алуларды есепке ала отырып, материалдық-техникалық базаны нығайтуға арналған болжамды шығындардың перспективалық жоспарын көрсету. Қамқоршылық кеңесінің назарына мектеп бюджетін қаржыландыру көздері. (Презентациялар қоса беріледі).
- Ещанова А.С. оқу-тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары, ақылы қызметтерді ұйымдастыру бойынша координатор, әлеуметтік институттар мен тұрғындардың мектепке деген сенімін арттыру жқмысына жауапты маман сөз сөйледі.
Бюджеттің мақсатты шығындалуын бақылау мүмкіндігі, сондай-ақ, ең бастысы, жемқорлыққа қарсы күреске ықпал ету; бюджеттің шығындалуы мен орындалуына жауапкершілікті арттыру; мәселелерді қоғамдық талқылау үшін жағдай жасау, сонымен қатар бюджеттің мазмұны мен орындалуына байланысты бюджет туралы ақпараттарға қоғамның қолжетімділік құқығын іске асыру және бюджет бойынша түпкілікті шешімдерде оның ұстанымын ескеру мүмкіндігі.Мектепке инвестицияларды тартуға көмектесетін қоғамдастыққа ашықтық.
Шешім қабылданды:
- 2018-2019 оқу жылына ҚК жұмыс жоспарын бекіту.
- Ұйым бюджетін талқылау.
- Ақылы қызметтерді көрсету туралы ақпаратты ескеру.
№2 хаттамаға толықтыру (сілтеме бойынша жүктеу):
1) Қамқоршылық кеңес жұмысының жоспары 2018-2019 оқу жылы
2) Бюджет 2018-2019