Меню KDT
Астана қаласы Білім басқармасының "№59 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі

Андатпа

  • МЕКТЕП ТУРАЛЫ

    ҚҰРМЕТТІ ата-ана!

    Өсіріп отырған баламыздың өмірінің сәтті, істерінің жемісті болуы ата-анаға тікелей байланысты. Сондықтан, балаңыздың алдағы ҰБТ-ден жоғары балл жинап, өзіне сенімді болып, емтиханнан мүдірмей өтуіне қолдау көрсетіңіз. Ол үшін сізге мынадай кеңесімді ұсынамын:

    1. ҰБТ қарсаңында баланы мазаламаңыз, бұл тестілеу қорытындысына кері әсер етуі мүмкін.
    2. Ата-ананың қобалжуы балаларға беріледі, осыны ескеріңіз.
    3. Балаларды сергітіп, олар орындаған  әр жақсы ісі үшін орынды мақтау айтыңыз.

    4.  Балалардың өз-өзіне сенімділігін арттырыңыз, себебі балалар сәтсіздіктен  қорқа түскен сайын, қателіктер жіберуі ықтимал.

      1. Балаңыздың көңіл-күйі мен денсаулығына жиі көңіл бөліңіз, балаңыздың жан дүниесін сізден артық ешкім түсінбейді.

      2. Баланың қатты шаршап, қажуына жол бермеңіз.

      3. Баланың дайындық режимін құрып, оны қадағалаңыз, бала дайындық арасында дем алып отыруы тиіс.

      4. Үйден баланың дайындалуына қолайлы орын беріңіз, үйдегілердің ешқайсысының бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз.

      5. . Баланың тамақтануына ерекше көңіл бөліңіз: бала оймен қарқынды жұмыс істеуі үшін сіңімді әрі дәруменді тағамдар жеуі қажет. Балық, ірімшік, құрма, жаңғақ, т.б. тағам түрлерін пайдаланыңыз.

    Есіңізде болсын!

    • Баланы орынсыз сынамаңыз
    • Өзге балалармен салыстырмаңыз
    • Ол қандай болса, сол қалпында жақсы көретініңізді  және оған сенетініңізді айтып үнемі қолдап отырғаныңыз жақсы.

    Сіз өсірген, сіз тәрбиелеген баланың

    ЕҢ ТАЛАНТТЫ

    ЕҢ ТАЛАПТЫ

    ЕҢ СЕНІМДІ

    ЕҢ БІЛІМДІ екеніне мен сенемін!


    Ата-аналарға  психологиялық кеңес

     

    Емтиханды сәтті тапсыру көбінде ата-ананың балағ деген көзқарасы мен оған  бағытталған іс-әрекетіне байланысты болатындығы құпия емес.  Балаңыздың сынақтан мүдірмей өтуіне көмек  ретінде біздің кеңестерімізді қабылдануыңызды өтінеміз:

    • Емтихан болатын күні балаңызды қобалжытпаныз, бұл тест қорытындысына кері әсерін тигізуі мүмкін. Балаңыз өз жасының ерекшеліктеріне байланысты эмоцияларын бақылап тежей алмауы және осының салдарынан сынақты өз деңгейінде тапсырмауы мүмкін.
    • Үйіңізде сынақтарға дайындалатын ыңғайлы орын белгілеңіз, әрі балаңыздың дайындығына үйдегілердің кедергі болмауын қадағалаңыз. Балаңызға пәндер бойынша дайындық тақырыптарын әр күнге іріктеуге көмектесіңіз.
    • Тест тапсырмаларына машықтану кезінде балаңызды уақытын тиімді пайдалануға үйретініз.
    • Балаңыздың өзіне деген сенімін көтермелеп қолдаңыз.
    • Емтиханға дайындығын бақылаңыз, шамадан тыс дайындалып шаршамауын қадағалаңыз.
    • Балаңыздың тамақтануына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ сияқты өнімдер ми қызметіне оң әсерін тигізеді.
    • Емтиханнан соң балаңызға сын айтпаңаныныз жөн. Ең бастысы, балаңыздың қобалжуы мен толқуын барынша төмендету және сабаққа дайындығында оған оңтайлы жағдайлар туғызу екендігін естен шығармағаныңыз абзал.

    Мектеп түлектері назарына

    Алда үлкен жауапкерлік артылған тапсырма тұр. Ол – ҰБТ-дан сүрінбей өту, қалаған баллыңызды алу.

    Бірақ ол өздігінен келе қоймайды. Кез-келген талапкер үшін уақыт пен еңбекқорлық, ізденіс керек. Тесті жақсы тапсырып, ең төменгі өту баллын қиналмай алудың өзіндік алғышарттары болады. Олар қандай шарттар мен кеңестер екен?  Бұл сұраққа жауапты төмендегі кеңестерімнен біле аласыздар.
    Тестке дейін:
    • Уақытты тиімді пайдалану;
    • Жаттығып үйрену;
    • Емтихан сәтті өтеді деген сенім;
    • Дұрыс тынығу;
    • Сабырлы болу.
    Тестің кезінде:
    • Жылдамдық пен мұқияттылық;
    • Білмегеніңізді қалдырып кетіңіз;
    • Сағатқа қарау;
    • Тағы да мұқияттылық;
    • Көмек көрсету — сіз үшін ұтылыс;
    • Өзіңізді кінәламаңыз;
    Тестке дейін:

    Тестке дейін тест тапсыратын пәндер бойынша тестерді шешіп және тестке қажетті кітаптар мен мәліметтерді оқып жаттығыңыз. Бір оқығаныңызды, бір рет шешіп қойған тесті қайта шешіп көріңіз, егер уақыт табылып жатса. Себебі, қайталау — білім анасы.

    Көп жаттыққаннан кейін өзіңізде алға жылжу бар екен бірден сезесіз. Ол үшін бір апта тынбай дайындық жүргізіп, көп жаттықсаңыз болғаны. Ал ары қарайғы алға жылжулар бір аптадан кейін тоқтап қалсаңыз, болмай қалады. Жаттығуда қиын болса, ұрыста (майданда)  жеңіл болады деген нақыл сөзді есте сақтаңыз.

    Сенім

    Дайындық барысында алдағы емтиханнан сәтті өтемін деген сенім болуы керек. Егер сіз сенбесеңіз, онда ұмтылмайсыз алдағы мақсатыңызға. Аллаһ білімді оқыған адамға, ал байлықты қалаған адамына береді екен. Демек, оқысаңыз, жақсы нәтижеге жетеріңіз сөзсіз. Кей адамдардың: ”Қанша жақсы дайындалсам да тестен жаман балл алып қалдым” деген сөздеріне сенбеңіз. Адам болғаннан кейін өзіміздің кемшілігімізді басқа жағдаймен жауып жібергіміз келеді. Сол себепті де көптеген адамдардың айтатыны өзіні кінәлі қылу емес, кінәні қайдағы жоқ тестен іздейді.


    Тынығу

    Тестке дайындалып жүріп дұрыс тынығуды да ұмытпаңыз. Адам ағзасы дұрыс тынықпаса, еңбек өнімділігі азаяды. Сол себептен де ұйқы мен демалу шараларын даестен шығармаған абзал. Ұйқы болғанда көп ұйықтауды айтпаймын. Өзіңізге жетерліктей, еңбекқор адамның ұйқысындай жеті-сегіз сағаттың айналасында болсын.

    Тест болардың алдындағы бір күнде дайындықты тоқтатып, ойыңызды жинақтап алуыңыз қажет. Егер өзіңізге қиын болмаса, аздаған тақырыптар мен материалдарды бір реттен жылдам қайталап алуға болады. Ол миыңызға да пайдалы.

    Кейде адам көп оқығанда барлық мағлұматтарды толықтай қабылдай бермейді. Аздаған уақыттардан кейін бұрынғы оқып кеткенде есінде қалмағандары есіне түсе бастайды. Ол тынығудың арқасында болады.

    Тест болардың алдында сабырлы болу
    Сабырлы болу, алаңдамау өте қиын. Түсінемін. Ондай жағдай менің де басымнан өткен. Қанша қиын болса да өздеріңізді сабыр сақтап, жүйкеңізді құртпауға шақырыңыз. Немесе, ойыңызды жеңіл-желпі ойын секілді әрекеттерге бұрыңыз.
    Тестің кезінде
    Тест тапсыратын аудиторияға (бөлмеге) кірдіңіз. Адам көп болады көп жағдайларда. Бірақ оларға назар аудармаңыз. Тест басталғанға дейін-ақ шаршап қалатын кездер болады. Өйткені, адам көп жерде у-шу деген құлаққа тыным бермейді. Бірақ оларға назар аудармау керек екендігін ескерткім келеді. Бар көңіліңізді тесттапсырмаларымен таныстырушы қызметкерлерге немесе қолыңызда бар заттарға аударыңыз. Сол пайдалырақ.
    Жылдамдық пен мұқияттылық

    Тесті шешуге берілген уақыт шектеулі. Барынша дұрыс әрі жылдам шешкен ең керемет нәтижеге жетеді. Бұл жерде біліммен бірге жылдамдық та үлкен маңызға ие. Білетін сұрақтарыңызға да жауап бере алмай қалуыңыз ғажап емес, егер асықпай отырып, білетін сұрақтарыңызды ”мыжғылайтын” болсаңыз.

    Жылдам болу кезінде мұқият болуды еш ұмытпаңыз. Асығып отырып қате жіберіп қоюдан сақтаныңыз. Мұқият болыңыз!  Жаттап алған сұрағыңыз тесте келседе бір рет мұқият көз жүгіртіп алып, жауапберудің еш артықшылығы жоқ. Сол дұрысырақ болады.
    Сағатқа қарау

    Тест басталған сәттен бастап сағатқа қарап жалтақтамаңыз. Сұрақтардың оңайларына бір реттен жауап беріп, соңында қиындары қалған кезде уақытқа бір қарап қоюдың артықшылығы жоқ. Ескеріңіз!

    ”Уақыт аз қалды” деп, асыққан үйректің жағдайына түсіп қалмаңыз  
    Тағыда мұқияттылық

    Тест жауаптарын енгізетін жауап парақшасында әр пәннің сұрақтарының жауаптарын енгізетін орын бар. Кей талапкерлер бір сұрақтың жауабын келесібір сұрақтың жауабының орнына енгізіп қояды. Бұл ештеңе емес, бір емес, бірнеше сұрақтың жауабын жауап парағына енгізіп отырып, кейін назар аударса, үшінші пәннің жауаптарын төртінші пәннің жауаптыры жазылатын орынға жазып қояды. Бұл үлкен қате. Осындай қате жасап қоймас үшін өте мұқият болу керек.

    Көмек көрсету - сіз үшін ұтылыс

    Адамдарға көмек көрсету — адамгершілігі бар адамдардың қолынан келетін іс. Бірақ емтихан кезінде сіз ешкімге де көмектесуге міндетті емессіз. Мейлі, ол сіздің сыныптасыңыз болса да. Тест дегеніміз үлкен бәйге жарысы секілді. Сіз көмектескен адам ертеңгі күні конкурста сіздің бәсекелесіңіз болуы да ғажап емес. Басқа адамға көмектескеннен сіз ұтыласыз, ол ұтады. Сіз біреу үшін алтын уақытыңызды жұмсап қойып, өзіңізге келгенде уақыт жетпей өкініп қаласыз. ”Мен ол сұрақтың жауабын білемін. Жауап беруге көмектесейін.” деген ойдан аулақ болыңыз. Қанша жерден біліп тұрсаңыз да өзіңіздің уақытыңыздың кететіндігін және ойыңыздың бөлінетіндігін ұмытпаңыз.

    Өзіңізді кінәламаңыз

    Тест сұрақтарына жауап беріп отырған кезде біліп тұрып қате жасап қоятын кездер болады. Әдейі жасамайды ғой, бірақ байқамай қалатын кездер болады. Адам болғаннан соң ондай болып тұрады. Біз қателесеміз. Егер сіз сондай қате жасап қойсаңыз, оған көңіл аудармай басқа сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысыңыз. Қатеңізге өкініп, өзіңізді кінәлап отыратын жағдайда емессіз. Өкіну мен өзін кінәлау кейінгі жауаптардың нашар болуына себеп болады. Кейде ұту үшін ұтылуға тура келеді.

     

    Сәттілік тілейміз!!!

    Біздің мекен-жай:

    Астана қаласы,Сауран көшесі 5/1
    shl_59@mail.ru
    Байланыс телефоны:
    50-17-95
    50-17-99

    Санауыш

    • Осы айда 2891
    • Осы аптада 783
    • Кеше 113
    • Бүгін 20
    • Онлайн 0